"Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру"мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi
.RU

"Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру"мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi

Дата28.01.2017өлшемі80.39 Kb.

Әкімдіктің
2016 жылғы 10 маусымдағы
№ 267 қаулысына 4-қосымша

"Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру"мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. "Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру"мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – әкім) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) көрсетілетін қызметті беруші;

      3) әкім;

      4) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз және (немесе) электрондық (толық автоматтандырылған) түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз және (немесе) электрондық түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) "Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру"мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген нысан бойынша өтінішті және құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) көрсетілетін қызметті берушінің қабылдауы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, тіркеуді жүзеге асырады және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 10 (он) минут.

      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – құжаттар топтамасын қабылдау және тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, 5 (бес) минут.

      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;


      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді, 5 (бес) минут.

      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;


      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қойып, жауапты орындаушыға береді, 5 (бес) минут.

      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі;


      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 5 (бес) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушініңбасшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып,құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдау мен тіркеуді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беруді жүзеге асырады, 10 (он) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, 5 (бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді, 5 (бес) минут;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 5 (бес) минут;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 5 (бес) минут.


4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылды бастауға негіздеме Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қабылдауы болып табылады.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір іс-қимылдың мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;

      2) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттар топтамасын қабылдап, өтініштің толтырылуының дұрыстығын және ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, 5 (бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттар топтамасын қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді, 5 (бес) минут.

      3) Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті "Мемлекеттік корпорацияға арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде тіркеп, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алып, құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат береді, 10 (он) минут;

      4) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттар топтамасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік немесе осыған уәкілетті өзге де байланыс арқылы жібереді, 1 (бір) жұмыс күні;

      5) көрсетілетін қызметті беруші, әкім құжаттар топтамасын қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жібереді, 3 (үш) жұмыс күні;
      6) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 5 (бес) минут.

      10. Әкімге жүгіну тәртібін сипаттау:

      1) әкімнің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдап, оны тіркеуді жүзеге асырып, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады және құжаттар топтамасын жауапты орындаушыны айқындау үшін әкімге береді,10 (он) минут;
      2) әкім жауапты орындаушыны айқындайды, 5 (бес) минут;

      3) әкімнің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындап, әкімге қол қою үшін жібереді, 5 (бес) минут;


      4) әкім мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қойып, жауапты орындаушыға береді, 5 (бес) минут;

      5) әкімнің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 5 (бес) минут.

      11. Жүгіну тәртібін және Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы Порталда жеке сәйкестендіру нөмірі, электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы тіркелуді, авторизациялауды жүзеге асырады;


      2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруы және құжаттар топтамасын бекітуі;
      3) электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салуды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сұрау салуды өңдеуі (тексеруі, тіркеуі);
      5) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" Портал арқылы электрондық сұрау салу мәртебесі мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының алуы;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберуі;

      7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" алуы.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Өтініш берушінің (отбасының)


атаулы әлеуметтік көмек
алушыларға тиесілігін
растайтын анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Портал арқылы "Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы


      Шартты белгілер мен қысқартулар:


      




 

"Өтініш берушінің (отбасының)
атаулы әлеуметтік көмек
алушыларға тиесілігін
растайтын анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

"Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы





Достарыңызбен бөлісу:

uchebnaya-programma-po-discipline-detskaya-literatura-dlya-specialnosti-defektologiya.html
uchebnaya-programma-po-discipline-ekonomicheskaya-socialnaya-i-politicheskaya-geografiya-mira-dlya-specialnosti-050116-geografiya.html
uchebnaya-programma-po-discipline-filosofiya-dlya-specialnosti-050711-65-socialnaya-pedagogika-stranica-2.html
uchebnaya-programma-po-discipline-fizika-pozdishev-m-l.html
uchebnaya-programma-po-discipline-informacionnie-sistemi-matematicheskij-fakultet-dlya-specialnosti.html
uchebnaya-programma-po-discipline-ispolzovanie-sovremennih-informacionnih-i-kommunikacionnih-tehnologij-v-uchebnom-processe.html
  • assessments.bystrickaya.ru/covershenstvovanie-organizacii-perevozok-kontejnerov-chast-5.html
  • knigi.bystrickaya.ru/sposobi-zashiti-zemlyanogo-polotna-ot-obledeneniya-i-promerzaniya.html
  • education.bystrickaya.ru/-vernutsya-k-soderzhaniyu-sajta.html
  • znanie.bystrickaya.ru/9-pitanie-v-turistskom-pohode-uchebnoe-posobie-omsk-2009-recenzenti.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/pravila-provedeniya-viktorini-yuris-night-v-g-samara-obshie-polozheniya-organizatorom-viktorini-yavlyaetsya.html
  • occupation.bystrickaya.ru/municipalnij-etap-vserossijskoj-olimpiadi-shkolnikov-po-ekonomike-v-20102011-uchebnom-godu-dlya-uchashihsya-7-8-h-klassov.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/pravo-na-blagopriyatnuyu-okruzhayushuyu-sredu-doklad-o-deyatelnosti-upolnomochennogo-po-pravam-cheloveka-v-lipeckoj-oblasti-v-2004-godu.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/koncepciya-vosstanovitelnogo-pravosudiya-v-rossijskoj-federacii-ee-celi-i-zadachi.html
  • literatura.bystrickaya.ru/sobaka-bivaet-kusachej.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tema-9-uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-opd-f-03-opd-f-02-sd-2-opd-f-2-dpp-f-13-opd-f-2-.html
  • tests.bystrickaya.ru/logicheskie-osnovi-argumentacii-stranica-2.html
  • university.bystrickaya.ru/ezhekvartalnij-otchet-otkritoe-akcionernoe-obshestvo-volzhskij-abrazivnij-zavod-kod-emitenta-stranica-2.html
  • control.bystrickaya.ru/byuro-sekcii-21-aprelya-2011-g-vremya-raboti-sekcii-s-13-20-do-16-30-ch-aud-31-7-m.html
  • composition.bystrickaya.ru/odnako-01112010-dishite-glubzhe-monitoring-smi-rf-po-pensionnoj-tematike-2-noyabrya-2010-goda.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/gosudarstvennij-dolg-posledstviya-gosudarstvennoj-zadolzhennosti-problemi-viplat-gosudarstvennogo-dolga.html
  • thesis.bystrickaya.ru/programma-disciplini-vospitatelnaya-deyatelnost-pedagoga-rekomenduetsya-dlya-napravleniya-pedagogicheskoe-obrazovanie-profilyaej-programmi.html
  • spur.bystrickaya.ru/metodicheskie-rekomendacii-po-podgotovke-dokladov-o-rezultatah-i-osnovnih-napravleniyah-deyatelnosti-subektov-byudzhetnogo-planirovaniya.html
  • esse.bystrickaya.ru/punkt-6-povestki-dnyaprinyatie-doklada-i-zakritie-soveshaniya-doklad-o-rabote-chetirnadcatogo-soveshaniya-vspomogatelnogo.html
  • tasks.bystrickaya.ru/312-rejtingovaya-knizhka-studenta-uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-biologicheskaya-himiya-vuzovskogo-komponenta.html
  • tests.bystrickaya.ru/kolonka-novostej-gazeta-09042009-novosti-13.html
  • assessments.bystrickaya.ru/dvizhenie-tela-broshennogo-pod-uglom-k-gorizontu-programmnoe-obespechenie.html
  • urok.bystrickaya.ru/primer-ispolzovaniya-logicheskih-peremennih-tema-1-etapi-resheniya-zadach-na-evm-algoritmizaciya-osnovnie-ponyatiya-blok-shemi-4.html
  • literatura.bystrickaya.ru/sabotazh-i-vreditelstvo-yu-i-muhin-esli-ne-znaesh-za-chto-umeret.html
  • essay.bystrickaya.ru/domorackij-v-a-kratkosrochnie-metodi-psihoterapii-v-a-domorackij-stranica-17.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/pravitelstvo-samarskoj-oblasti-postanovlenie-stranica-2.html
  • lecture.bystrickaya.ru/63-voprosi-dlya-podgotovki-k-ekzamenu-uchebno-metodicheskij-kompleks-ugolovnoe-pravo-chast-obshaya-rostov-na-donu.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/ukrupnennie-gruppi-podgruppisostavnie-i-bazovie-gruppi-zanyatij-obsherossijskij-klassifikator-zanyatij-ok-010-93.html
  • institute.bystrickaya.ru/glava-3-vershina-i-dno-kniga-1-seriya-atlant-raspravil-plechi-1-atlant-raspravil-plechi-kniga-1.html
  • holiday.bystrickaya.ru/narodnaya-mudrost-sobranie-bolshinstvo-pravda-vibor-religii-razmishleniya-prostodushnogo-posle-kresheniya-schaste.html
  • predmet.bystrickaya.ru/russkoe-kachestvo-zhizni-seriya-socialno-gumanitarnogo-obrazovaniya-nekrasov-s-n-stranica-7.html
  • bystrickaya.ru
  • otsenki.bystrickaya.ru/sobranie-sochinenij-v-chetireh-tomah-tom-m-pravda-1981-g-ocr-bichkov-m-n-stranica-24.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-pervaya-radiolyubiteli-narodnomu-hozyajstvu-medicine-kulture-i-bitu-ukazatel-opisanij.html
  • tests.bystrickaya.ru/kursovaya-rabota-po-predmetu-tamozhennaya-statistika-tema-obekti-izucheniya-tamozhennoj-statistiki.html
  • lesson.bystrickaya.ru/primenenie-metodov-nablyudeniya-massovogo-oprosa-kontent-analiza-v-issledovaniyah-smi.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.